Международное исследование PISA

 

PISA – 2022 халықаралық зерттеуіне дайындық

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр. Өйткені, адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін, жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің 15 жастағы оқушылары мен студенттерінің білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2022 халықаралық зерттеуіне қатысады.

Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар бар. Соның ішіде қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі облыстық білім басқармасы  Білім беруді дамыту орталығымен және облыс мектептері мен колледждерімен бірлесе отырып «PISA-2022» дайындық жұмыстарын қызу жүргізуде.

Ең алдымен халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстары бойынша жоспар құрылды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жасақталған  кестеге сәйкес өтіп жүр. Сонымен қатар BilimCenter платформасымен келісім-шарт жасалып, педагогтар толық курстан өтті.  Сертификатталған мамандар студенттермен аталған платформада сабақтарды кестеге сай өткізуде.

Педагогтардың  білімін жетілдіруде  және тәжирибе алмасу мақсатында "Сенбілік мектептің"  жұмысы зор. Ол жерде  білім басқармасының  өкілдері, білім ұйымдарының  директорларының оқу  жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектептер мен колледждердің жаратылыстану - математикалық және тіл пәндерінің мұғалімдері қатысады. Жұмыс барысында оқушыларды халықаралық зерттеулерге дайындауда педагогтар озық тәжірибелерімен бөліседі.

Студенттеріміз сәуір айында өткізілетін зерттеуге саналы дайындалып, жауапкершілікпен қатысып, мектеп қабырғасында алған білімдерін қазіргі дайындықтарымен ұштастыра отырып, оң нәтиже көрсетеді деп сенеміз.

 

 

PISA (Programme for International StudentAssessment) - 2022 жалпы орта білім алған оқушылардың сауаттылығын бағалайтын халықаралық зерттеуден өтті

PISA-2022 халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарының жүргізілуі 

PISA-2022 Халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша іс-шаралар жоспары

PISA Халықаралық зерттеуі

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы сұрақтарын талдау

Сертификаты преподавателей

«Оқу сауаттылығы» (5-9- сынып оқушыларын дайындауға арналған факультатив курсының бағдарламасы)

"ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ" (5-9 сынып оқушыларына арналған факультатив курсының бағдарламасы)

"ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ" (5-9 сынып оқушыларына арналған факультатив курсының бағдарламасы)

15 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАДАН ФУНКЦИОНАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ (факультативтік  курс)

«Оқу сауаттылығы» (5-9- сынып оқушыларын дайындауға арналған факультатив курсының бағдарламасы)

«Функционалдық сауаттылық негіздері» факультативтік курс 2-3 сынып

"ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ ЕСТЕСТВЕННОНАУЧНОЙ ГРАМОТНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ" (программа факультативного курса для подготовки учащихся 5-9 классов)

"ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ ЕСТЕСТВЕННОНАУЧНОЙ ГРАМОТНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ" (программа факультативного курса для подготовки учащихся 5-9 классов)

 

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz