previous arrow
next arrow
Slider

Біз туралы

Батыс Қазақстан индустриалды колледжі 1940 жылы 2 қазанда құрылды және №6 ФЗО деп аталды. Алғашқы түлектер оқу орнын 1941 жылы бiтiрiп шықты. Колледж өткен ғасырдың 40-50-ші жылдары моторшы, кеме қолөнерші, кеме ағаш шебері, матрос, рулевой, радиомеханик, токарь, фрезерлеуші, темір ұстасы мамандықтары бойынша Орал өзені флотына жұмысшы кадрларын даярлады. 60-шы жылдардан қаламыздағы зауыттарға, байланыс және коммуналды шаруашылық кәсіпорындарына жұмысшы кадрларын даярлауды бастады. Колледж 2004 жылы аймақтың машина құрастыру саласына, байланыс және коммуналды шаруашылық кәсіпорындарына жоғары білікті мамандар даярлау бойынша тірек оқу орны болып анықталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы аықталды. Ұлт жоспарының 77-қадамында экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату қарастырылған.

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ҚР БжҒМ (18.02.2015ж. №69) бұйрығымен Батыс Қазақстан индустриалды колледж он жетекші колледж қатарына қосылды.

«Кәсіпқор» холдингінің серіктес колледжі ретінде машина құрасытру және энергетика саласындағы кәсіпорындарына заманауи білім беру бағдарламасын енгізу боuйынша базалық оқу орны болып анықталды.

Жаңалықтар

"ЖИТС-тің алдын алудың психологиялық ерекшеліктері" тақырыбы бойынша шара

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні онкүндігі аясында 3 курс студенттеріне директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Кабулова мен педагог-ұйымдастырушы М.Құрмашева "ЖИТС-тің алдын алудың психологиялық ерекшеліктері" тақырыбы бойынша шара өткізілді.

Подробнее...

"ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес" жөніндегі орталық маманы Умбетова Г.К. қатысуымен кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні науқанының шеңбері аясында 2022 жылдың 24 қараша күні тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан индустриалды колледжі студенттеріне жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес" жөніндегі орталық маманы Умбетова Г.К. қатысуымен кездесу өтті.

Құттықтаймыз!

Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің 323 Р топ  студенті, спорт шеберіне кандидат Шарафутдинов Закир Атырау қаласында Исатай мен Махамбет батыр бабаларымызды еске алуға арналған  Муай-тай спорт түрінен "Батыс кубогі" Республикалық турнирінде кәсіби жекпе-жек жеңімпазы атанып, кубок, белдік және  200000 қаржылай сыйлық алды. Республикалық додадағы жеңісімен колледж директоры С.Мухамбеталиев құттықтады.

"Ел болашағы жастарда" атты студенттік қатарға қабылдау рәсімі

Студенттік өмір адамзаттың ең әдемі де ұмытылмас сәттерінің бірі. Ал соның ішінде оқу орнының табалдырығын аттар, студенттік қатарға қабылдану рәсімі әрбір 1 курс студенттеріне қуаныш сыйлайтын мереке.

Барлық жаңалықтар

Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Instagram: Torus.kz